«Жәрдем» медициналық пойызы үзілістен кейін сапарын жалғастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жәрдем» медициналық пойызы үзілістен кейін сапарын жалғастырды

30.04.2015
«Жәрдем» медициналық пойызы үзілістен кейін сапарын жалғастырды

«Жәрдем» медициналық пойызы аздаған үзілістен бүгінгі таңда Сыр бойындағы елді мекендерге дәрігерлік көмек көрсетуде. «Қазақстан темір жолы»компаниясы мен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Жәрдем пойызы» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлады «Қазақстан теміржолшысы» газетінің сайты.

Ақжолтай құрам 23 сәуірден 14 мамырға дейін Қызылорда облысының елді мекендерін аралап шықпақ. Белкөл кенті, Қараөзек ауылдық округі, Жосалы станциясының және басқа да шалғай жатқан елді мекендер тұрғындарының облыстық диагностикалық орталық деңгейіндегі жоғары білікті мамандар мен дәрігерлерден тегін медициналық тексерістен өтуге мүмкіндігі бар.

Медициналық пойыздың негізгі міндеті - кешенді диагностикалық көмек көрсету, диагностикалық құрал-жабдықтарды, қондырғыларды пайдалана отырып, зертханалық, қызметтік, құрал-саймандық әдістермен емделушілерді тексеру, міндетті медициналық тексеруден өткізу, медициналық талдау және анықталған медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, науқастарға жоспарлы емделуге, ауруханада емделуге жолдама беру.

Аталмыш медициналық пойыз күніне 400-ге дейін емделушілерді қабылдай алады. Пойыз 8 вагоннан тұрады, оның 4-і емдік-диагностикалық, 1-і мейрамхана-вагоны, 1-і дизель-генератор вагоны, 2-і медициналық қызметкерлерге арналған қызметтік купе вагондары. Мұндағы қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған 17 медициналық кабинетте терапевт, бала дәрігері, невропатолог, көз дәрігері, құлақ-тамақ дәрігері, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігері қызмет көрсетеді.

Тек қана Белкөл кентіндегі ек күннің ішінде 300-дей адам дәрігерлік тексеруден өткен. 200-ден астам адамға медициналық және зертханалық талдаулар жасалған. Елді мекендердің тұрғындары көібне тіс ауры, жүйке жүйесі, қан айналымы, қалқанша безінің ауруларына шағымданған.

Хабарламаларға жазылу