«Жарымды іздеп жүрмін...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарымды іздеп жүрмін...»

30.04.2015
«Жарымды іздеп жүрмін...»

Әр отбасы – бір Отан. Сол Отанның шаңырағының биік, уығы мен керегелерінің берік болуы тағдыр қосып, бірге тіршілік етуге бекінген екі адамның береке-бірлігіне, ынтымағына байланысты.  Ал, ынтымақ жоқ жерде бақыттың да ауылы алыс.

Бүгінгі қоғамда перзенті алдындағы жауапкершілікті сезіне бермейтін ата-аналар да кездеседі.  Осы орайда дана  әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деген  сөзі  еске түседі.

Ал, жартылай отбасында тәрбиеленген ұрпақ кейін қандай азамат болып өседі? Туған баласының көз жасы да тоқтата алмаған жандардың мұндай әрекетіне не себеп?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуы жауапкершіліктен қашып, шаңырағын шайқалтып жүрген жандарға, көрермендерге ой салуды көздейді.

Хабарламаларға жазылу