1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігінің маңызы да осы достық пен татулық.
«Бұл күн – өте маңызды. Біз 1 мамырда түрлі этнос орталықтары болып, мерекелік этноауылда Елбасын қарсы аламыз. Сондай-ақ, ынтымақтастық пен татулыққа шақыратын түрлі шаралар ұйымдастырамыз.
Қазақстандағы әртүрлі этностардың береке-бірлікте өмір сүріп жатқанының бірден бір себебі – қазақ халқының дархандығының арқасында, деп білемін»,-дейді корей этномәдени орталығының жетекшісі Роза Михайловна.
Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.
«1 мамыр біз үшін ең жылы мереке. Аралас-құраластықты арттырады. Бұл мерекені жыл сайын тағатсыздана күтеміз. Қазақ жерінде ұлымды – ұяға, қызымды – қияға қондырдым»,-дейді қырғыз этномәдени орталығының мүшесі Тойғон Жолдаш.
Қазақстанды Мәңгілік елге айналдырудың кепілдігі – халықтың бірлігін нығайту.