«Алаяқ Дик пен Джейн» комедиясын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алаяқ Дик пен Джейн» комедиясын көріңіз

02.05.2015
«Алаяқ Дик пен Джейн» комедиясын көріңіз

Ерлі-зайыпты Дик пен Джейн дәулетті өмір сүруге үйреніп қалған. Олар есік алдына хауыз салайын деп жатқанда аяқ астынан Дикті жұмыстан шығарып жібереді. Оның үстіне үйдің жабылмаған 70 мың доллар қарызы бар.

Кедейліктерін көршілерден жасыра алмасын білген олар ұрлық-қарлыққа барады. Біртіндеп оңай ақшаға дәніге бастайды. Алайда, әр қадамның өтеуі болары сөзсіз...  

Режиссер  Дин Паризоның «Алаяқ Дик пен Джейн» комедиясын бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:45-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу