Тарихта жоспарланып, өтпей қалған Жазғы Олимпиада ойындары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихта жоспарланып, өтпей қалған Жазғы Олимпиада ойындары

02.05.2015
Тарихта жоспарланып, өтпей қалған Жазғы Олимпиада ойындары

1916 жылы І Дүниежүзілік соғыс уақытына дәл келіп қалған VI Жазғы Олимпиада ойындары тарихта алғашқы рет өтпей қалған.

XII Жазғы Олимпиада ойындары 1940 жылдың 21 қыркүйегі мен 6 қазан аралығында Жапонияның астанасы Токиода өтеді деп жоспарланған еді.

Алайда, 1937 жылы екінші Жапон-Қытай соғысы басталып, Жапония Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартады. Осыны ескерген Халықаралық Олимпиада комитеті 1938 жылы XII Жазғы Олипиада ойындарын Хельсинки қаласына ауыстырады (Финляндия). Ол 1940 жылдың 20 шілдесімен 4 тамыз аралығына жоспарланған.

Финляндия Олимпиадаға қызу дайындық жүргізіп жатқанда 1939 жылдың қыркүйегінде Екінші Дүниежүзілік соғысы басталып кетеді.

1940 жылдың 2 мамырында Халықаралық Олимпиада комитетітінің 1925-1942 жылдарындағы президенті Анри де Байе-Латур белгісіз уақытқа дейін Олимпиада ойындарының уақытын созған.

Бір қызығы, XII Жазғы Олимпиада өтетін уақыты белгіленіп, ұйымдастырылмай қалған екінші Олимпиада болып тарихта қалды. Дегенмен, Токио және Хельсинки қалаларында бәрібір Жазғы Олимпиада ойындары өтті. Хелсинкиде 1952 жылы өткен болса, Токиода 1964 жылы өткен.   

Олимпиада ойындары әр төрт жыл сайын өтетін болғандықтан келесі XIII Жазғы Олимпиада 1944 жылы Британия астанасы Лондон қаласында өтетін болып бекітілген еді. Халықаралық Олимпиада комитеті Екінші Дүниежүзілік соғыстың әлі аяқталмағанын ескеріп, XIII Жазғы Олимпиада шегеріліп, бұл Олимпиада да өтпей қалды.

ІІ Дүниежүзілік соғысы аяқталғаннан соң, 3 жылдан кейін яғни 1948 жылы Британия астанасы Лондон қаласында XIV Жазғы Олимпиада ойындары ұйымдастырылды. Бұл Олимпиада 1948 жылдың 29 шілде мен 14 тамыз аралығында өтті.

Хабарламаларға жазылу