Денсаулық тақырыбына арналған халықаралық байқауға жұмыстар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық тақырыбына арналған халықаралық байқауға жұмыстар қабылдау басталды

03.05.2015
Денсаулық тақырыбына арналған  халықаралық байқауға жұмыстар қабылдау басталды

 

«Johnson & Johnson» компаниясы мен Халықаралық журналистика орталығы ана мен бала денсаулығы тақырыбына байланысты журналистер арасында байқау жариялайды.

Сайысқа ана мен бала денсаулығы - ана және бала өлімінің азаюы, анадан балаға берілетін аурулардың қаупін азайту, ана мен бала денсаулығы үшін медициналық көмек көрсету инфрақұрылымын жетілдіру, вакцинация тақырыбына арналған жұмыстар қабылданады.

Қатысушылардың арасынан  алты жеңімпаз таңдалып алынады. Олардың әрқайсысына  1000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы және АҚШ-қа жолдама беріледі. Үздіктер Вашингтон, Атланта және Нью-Йоркте өтетін  халықаралық сарапшылар кездесуіне қатысады.

Айта кетейік, бәйгеге  2014 жылдың 1 желтоқсаны мен  2015 жылдың  24 мамыры аралығында радио немесе теледидар арқылы таратылған және интернетте жарияланған ағылшын, француз, португал, орыс, қытай және хинди тіліндегі  жұмыстар қабылданады.

Басқа тілдерде жазылған материалдардың ағылшын тіліндегі  аудармасы  болуы тиіс.

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу