Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында кәсіптік одақтар институттарын жаңғыртуға қатысты жол сілтеді.
Онда: «Мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелерінің негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар. Сонымен бірге, ең іргелі кәсіподақ орталығы – Қазақстан кәсіптік одақтар федерациясының қазіргі қызмет пішіні уақыт талабына сәйкес келмейді. Өйткені ол кеңестік үлгінің салалық қағидаты бойынша құрылған»,- делінген.
Алайда, кәсіподақтардың да қолын байлайтын жайттар бар. Кәсіподақ жұмыстарын жетілдіру мақсатында қандай шаралар қолданған жөн? Қалай еңбек дауларының алдын алуға болады?
Бүгін 17:50-де бұл сауалдарға «Өзекжарды» хабарында Атырау облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Диас Бауыржанұлы жауап береді.