«Сіз не дейсіз?» хабарында Айгүл Сәдуақасова қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіз не дейсіз?» хабарында Айгүл Сәдуақасова қонақта

04.05.2015
«Сіз не дейсіз?» хабарында Айгүл Сәдуақасова қонақта

«Адамға екі нәрсе керек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі».

Жүсіп Баласағұн

Халық Тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Мұндай құндылықтары  жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.

Тіл – адамның саналы ғұмырының құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды тіл арқылы үйренеді. Сол себепті, басты жауапкершілік тіл мамандарына жүктеледі.

Қазақ еліндегі өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, төлқұжатына ұлтын «қазақ» деп жаздыруының себебі неде? Қазақстанның экономикалық дамуына елдегі  түрлі ұлыстардың қосқан үлесі қаншалықты?

Бүгін 23:40-та «Сіз не дейсіз?» хабарында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия Өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова қонақта.

Хабарламаларға жазылу