17 мамыр күні Алматыда «Абай әндері» концерті өтеді.
«Хәкім Абайдың әндері мен сөздеріне жазылған шығармашылық кешін өткізгелі отырмыз. Менің бір байқағаным, біздің әншілеріміздің қоржынында Абай әндері аз. Көбінің білетіні «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас», «Сегізаяқ» сынды 3-4 әні ғана. Енді осы «Абай әндері» аясында бірқатар әндері орындалмақ. Өзім бұл кеште «Татьянаның әнін» орындаймын»,-дейді әнші.
«Шығармашылық кешке көптеген абайтанушылар, қоғам қайраткерлері, Мұрат Әуезов, Ғарифолла Есім, Дидар Амантай сынды танымал азаматтар атсалысып жатыр».
«Концертке Халық әртістері мен танымал әншілер қатысады. Олардың қатарында Шахимардан Әбілов, Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Бекболат Тілеухан және т.б. бар».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.