12-17 мамыр аралығында Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Алматы қаласында гастрольдік сапары өтеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
«Қаллеки» театрының ұжымы бір апта бойы Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 қойылым тарту етпек. Олардың қатарында: Ш.Айтматовтың «Ана-Жер Ана»трагедиясы, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» комедиясы, Д.Рамазанның «Кенесары - Күнімжан» тарихи драмасы, Ж.М.Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы, Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, А.Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы, В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы бар.
Спектакльдер - М.Әуезов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында өтеді.
Қойылымдар кестесі:
12 мамыр - Ш.Айтматов. «Ана-Жер Ана» (трагедия)
13 мамыр - С.Балғабаев. «Ең жақсы еркек» (комедия)
14 мамыр - Д.Рамазан. «Кенесары - Күнімжан» (тарихи драма)
15 мамыр - Ж.М.Шевре. «Ізгілік формуласы» (комедия)
16 мамыр - сағат 12.00 Ш.Мұртаза. «Бір кем дүние» (драма)
16 мамыр - А.Вальехо. «Күн сәулесі түспеген» (психологиялық драма)
17 мамыр - В.Ежов. «Тыраулап ұшқан тырналар» (лирикалық драма)
Басталуы 18:30-да.
Сондай-ақ, театр ұжымы 13-16 мамыр аралығында сағат 11:00-де балаларға арналған Мария Машадудың «Бразилия байлығы» атты ертегісін ұсынады.