Теміржол ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарында стратегиялық маңызы зор нысандардың бірі болды. Майданға сарбаздар мен әскери техника жеткізу үлкен жауапкершілікті талап етті.
Қиын жылдары майдан даласына Түрксіб теміржолынан аса маңызды резервтегі паровоздар колоннасы аттанды. Сол 30 паровоздың бірінің тізгінін жетісулық қазақ қызы Алтынай Есболатова ұстады.
Қару асынып, ұрыс алаңында жүрмесе де паровоз жүргізушілері стратегиялық маңызы бар тапсырмалар орындады. Сондықтан, олар майдандағы жауынгерлермен тең саналды. Теміржол бойында туып-өскен Алтынай соғыс басталғанда машинист көмекшісі оқуын бітіреді. Соғысқа Талдықорғанға қарасты Матай станциясынан осындай паровозбен аттанған.
Майданға қару-жарақ пен оқ-дәрі тасыған Алтынай Есболатова туралы толығырақ бүгін 10:40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.