Шаймұқан Мұқанов - «Келбетте» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаймұқан Мұқанов - «Келбетте»

10.05.2015
Шаймұқан Мұқанов -  «Келбетте»

Шаймұқан Мұқанов жастайынан ата-анасынан жетім қалып, балалар үйінің қара нанын жеп өсті. 14 жасында Алматы есеп-кредит техникумына оқуға қабылданып, оны бітірген соң «Октябрь балалары» (қазіргі «Ұлан») газетінде алдымен қарапайым қызметкер, кейін бөлім бастығы болып еңбек етеді.  1940 жылы Клммунистік журналистика институтына  оқуға түседі. Бірақ дәл сол жылы әскер қатарына шақырылады.

Соғыс басталғанда Шаймұқан Мұқанов Новочеркасск қаласындағы әскери техниктер даярлайтын курста оқып жатқан болатын. 22 маусым күні таңертеңгі сағат 10-да барлық курсанттар құрамы сапқа тұрғызылып, курс командирі таңғы сағат 4-те неміс-фашистерінің ешқандай соғыс жарияламастан еліміздің шекарасын басып, соғыс ашқанын жеткізеді.

Осылайша, Шаймұқан ағаның 1941 жылдың 10 шілдесінен бастап, ерлікке толы от кешкен өмірі басталады.

Хабарламаларға жазылу