Соғыс кезіндегі азапты абақтылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыс кезіндегі азапты абақтылар

11.05.2015
Соғыс кезіндегі азапты абақтылар

Концлагерь дегенде көз алдыңа, темір тордың арғы жағында азап шеккен, аш-жалаңаш адамдар һәм фашистік ажал түрмелері келері анық. Себебі, шындығы - сол. Әрине, концлагерьлер II Дүниежүзілік соғыстан да бұрын болған. Бұл жөнінде деректер жеткілікті. Алғашқы концлагерь ХVШ ғасырда Польшада пайда болған.

1940 жылы Гимлердің жарлығымен басып алынған Польша жерінде Освенцим, Майданек, Саласпилис, т.б. лагерьлер жаппай ашыла бастады. Жалпы, саяси тұтқындар, әскерилер қамалған лагерьлердің саны 14 мыңға жетіп жығылды.

Ең белгілі концлагерьлердің қатарында «Арбайтсдорф» («Arbeitsdorf», Германия), «Аушвиц/Освенцим/Биркенау» («Auschwitz», Освенцим, Польша),  «Берген-Бельзен» («Bergen-Belsen», Германия),  «Бухенвальд» («Buchenwald», Германия), «Варшава» (Польша), «Герцогенбуш» («Herzogenbusch», Нидерланды), «Гросс-Розен» («KL Groß-Rosen», Германия), «Дахау» («Dachau», Германия), «Кауен» («Kauen» Каунас, Литва) және басқа да лагерьлер бар.

Жалпы, концлагерьлерде азаптаудың небір түрлері жүргізілді. Аштықтан, бір жұтым суға зар болғандықтан, тұтқындар баудай түсіп өліп жатты. Жұмысқа жарамсыздарды көбіне арнайы пештерде, яғни крематорийларда өртеп жіберді.

Кесілген шаштан, адам терісінен әйелдерге арнап әдемі әшекей заттар, сөмкелер, әмияндар жасалды. Көрікті қыз-келіншектер іріктеліп алынып, оларды жеңіл жүріске мәжбүрлеген мысалдар да кездескен.

Соғыс кезіндегі абақтылар туралы толығырақ бүгін 22.40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу