Астана экономикалық форумына дайындық қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана экономикалық форумына дайындық қалай?

12.05.2015
Астана экономикалық форумына дайындық қалай?

21-22 мамыр күндері өтетін Астана экономикалық форумының басты тақырыбы - «Инфрақұрылым – экономика дамуының драйвері». Елбасының  «Нұрлы жол» бағдарламасы да инфрақұрылымға байланысты. Сондықтан, биылғы форумның тақырыбы да осымен байланысты. Форумға әлемнің 90 елінен 3000 делегат қатысады, деп жоспарлануда.

Өткен жылдар мен биылғы форумның арасындағы айырмашылық, биыл сессиялар саны  азайған. Астана экономикалық форумы қаржыны оңтайландыру шараларын қолға алып, сессиялар, талқыланатын тақырыптар санын қысқартқан. Үлкен конференция аясында төрт маңызды сессия өтеді.

Бірінші сессия «Мұнай бағасының төмендеуі және оның мұнай өндіретін елдерге әсері» тақырыбында өтсе, екінші сессияда «Ресей рублінің құнсыздануы және оның Орталық Азия елдері мен Қазақстанға әсері» төңірегіндегі мәселелер талқыланады.

Айта кету керек, Астана экономикалық форумы елімізде 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол – экономикалық міндеттерді талқылап, шешім шығаратын Еуразиядағы тұңғыш диалог алаңы.

Биылғы форумға дайындық барысы қандай? Мәртебелі меймандар қатарында кімдер бар? Биылғы тақырыптың өзектілігі неде? Бұл сауалдарға жауап алғыңыз келсе, бүгін Ұлттық арнадан 17:50-де «Өзекжарды» хабарын көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу