Концлагерьлердегі қазақстандықтардың тағдыры не болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Концлагерьлердегі қазақстандықтардың тағдыры не болды?

13.05.2015
Концлагерьлердегі қазақстандықтардың тағдыры не болды?

II Дүниежүзілік соғыс тұсында Германиядағы ең белгілі концлагерьлердің қатарында «Арбайтсдорф» («Arbeitsdorf», Германия), «Аушвиц/ Освенцим/ Биркенау» («Auschwitz», Освенцим, Польша),  «Берген-Бельзен» («Bergen-Belsen», Германия),  «Бухенвальд» («Buchenwald», Германия), «Варшава» (Польша), «Герцогенбуш» («Herzogenbusch», Нидерланды), «Гросс-Розен» («KL Groß-Rosen», Германия), «Дахау» («Dachau», Германия), «Кауен» («Kauen» Каунас, Литва) және басқа да лагерьлер бар.

Жалпы, концлагерьлерде азаптаудың небір түрлері жүргізілді. Тұтқындар толықтай изоляцияда ұтсалды және ауыр жұмыстарға аяусыз жегілді. Тамақ өте аз берілді. Аштықтан, бір жұтым суға зар болғандықтан, тұтқындар баудай түсіп жатты. Жұмысқа жарамсыздары көбіне арнайы пештерде, яғни крематорийларда өртелді.

Тұтқындар қатарында қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, шіркеу қызметкерлері, спортшылар, ғалым ағартушылар, сонымен қатар, қылмыс жасаған алаяқтар, ұрылар да болған.

Күні кешегі дейін құпия сақталған құжаттар не дейді? 70 жылдан кейін табылған қазақстандық тұтқындардың жаңа тізімі, Германиядағы концлагерлерде отырған азаматтардың тағдыры туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Журналистік зерттеуден» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу