Мамай қорғаны туралы не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамай қорғаны туралы не білеміз?

14.05.2015
Мамай қорғаны туралы не білеміз?

Волгоград шаһарында орналасқан атақты Мамай қорғаны. «Отан ана шақырады» атты алып ескерткіш  өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Сталинград шайқасына қатысқандардың құрметіне қойылған.

Биіктігі 85 метр болатын ескерткіш қаланың қай бұрышынан қараса да көрінеді. Ғалымдар: «Бұл жерде тылсым күш бар. Тіпті, Мысыр пирамидалармен де байланысы болуы мүмкін»,-дейді.  Өйткені, пирамидаларда бар аномальді жағдайлар мұнда да жиі кездеседі екен.

«Негізі Мамай қорғаны – Жер кіндігі. Оған байланысты аңыз-әңгімелер де бар. Ерте ғасырларда бұл өлкеде өмір сүрген сармат тайпасының батыр ханшайымы осында жерленген деген әңгіме де жиі айтылады. Үлкен оба да тұрғызылған.

Ханшайымды бүкіл жасау мүлкімен, қолына ұстаған қасиетті қылышымен жерлеген. Кейіннен бұл жер зиярат ететін мекенге айналған. Ал, Алтын Орда тұсында төбе Қырым ханы болған Мамайдың атымен аталып кетті», дейді Волгоград қаласының құрметті азаматы Борис Усик.

II Дүниежүзілік соғыс кезінде Сталинград қаласының тас-талқаны шығып, бірде-бір ғимарат қалмаған еді. Кейін шаһар қайта бой көтеріп, гүлдене бастады.

Сталинград қаласының бүгінгі тынысымен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу