ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірованың есімі дүниежүзі музыкасүйер қауымына кеңінен танымал.
Алғаш еңбек жолын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концертмейстрлік қызметтен бастайды. 1981-1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аға оқытушы, доцент, арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушілік қызметтерін атқарған. 1993 жылдан профессор, 1997 жылдан бастап осы консерваторияның ректоры.
Ол ҚР Мемлекеттік сыйлығымен, Францияның өнер және әдебиеті орденімен, Қазақстан мен Ресей арасындағы достықты бекіткені үшін ІІ-Екатерина атындағы II дәрежелі «Кавалер» орденімен марапатталған.
Сондай-ақ, ол «Платиналық Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. 1983 жылы Францияда өткен халықаралық Маргарет Лонг және Жак Тибо конкурсында Гран-приді жеңіп алған.
Қазақстан мәдениеті мен өнерін күллі әлемге паш еткен қазақтың аса көрнекті пианисі, профессор Жәния Әубәкірованың өмірі және шығармашылық жолдарының қалыптасу кезеңдері туралы толығырақ бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарынан біле аласыздар.