Қазақстанның мектеп оқулықтары Қытай мен Түркияда басып шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның мектеп оқулықтары Қытай мен Түркияда басып шығарылады

18.05.2015
Қазақстанның мектеп оқулықтары Қытай мен Түркияда басып шығарылады

Қазақстанның мектеп оқулықтары негізінен Қытай мен Түркияда басып шығарылады. Өйткені, аталған елдерде оқулық басып шығару анағұрлым арзан. Бұл туралы бүгін Мәжілісте оқулықтардың сапасы және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз етуге арналған Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. 

«Жалпы, еліміздегі оқулықтарды әзірлеу Қазақстанда, ал басып шығару шетелдерде жүзеге асырылып жатыр. Бұл негізі бизнестің (нарықтың) мәселесі. Өйткені, қай жерде баға арзан болса, бизнес сол жерге барып кітап басып шығарады», - деді А.Сәрінжіпов.

Оның сөзіне қарағанда, оқулықты басып шығаруға оның жалпы құнының 5-10 пайызы кетеді. Ал, негізгі сома авторлық жұмыстарға, дизайнға және әдістемелікке жұмсалады.
 

Хабарламаларға жазылу