Бүгін Астанада Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясының әншісі, актер Бауыржан Нұрымбетовтің «Аңсаған арман» атты ән кеші өтеді. Осыған орай әнші «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.
«Бұл – менің ең алғашқы жеке концертім. Биыл кәсіби сахнада жүргеніме он жыл болды. Сол он жылдың нәтижесі, деп білемін. Әр әншінің үлкен сахнада ән айтсам, деген арманы болады. Менің де аңсаған арманым осы. Сол себепті, кештің атауын «Аңсаған арман» қойдық».
«Кеште Ғани Құлжанов, Жеңіс Ысқақова, Гүлнұр Оразымбетова, Маржан Арапбаева сынды өнердегі аға-апаларым өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Шалқыма», «Артист», «Астана флэш» би ансамбльдері қатысады»,- дейді әнші.
«Концерт барысында тек вокалдық қырымды ғана емес, актерлік шеберлігімді де танытпақпын. Сонымен қатар, киім үлгілерімді де көрермен назарына ұсынамын. Жалпы, бүгінгі кеште көрерменге шоу көрсету – мақсатым».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.