Қазақстан Президенті 21 мамырда Литваның премьер-министрі Альгирдас Буткявичюсті, сондай-ақ, Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельді қабылдайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
22 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев VIII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысады. Форум «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты өсімінің драйвері» тақырыбына арналмақ.
Шараға 90 елден 3000-ға жуық саяси, сарапшылық және іскерлік топ өкілдерінің қатысуы жоспарланған.
Сонымен қатар, форум аясында Мемлекет басшысының бірқатар кездесулер өткізуі көзделіп отыр.