Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастаған Хиуаз Доспанова соғыс жылдарында әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында болып, 300-ден астам әуе шайқастарына қатысып, теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанып, аты аңызға айналды. 2004 жылы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілген.
Кешке астаналық зиялы қауым өкілдері, академик Мырзатай Жолдасбеков, жазушы Сұлтан Оразалин, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов қатысады.