Астанада «P4D: кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панелдік сессия өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «P4D: кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панелдік сессия өтпек

20.05.2015
Астанада «P4D: кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панелдік сессия өтпек

21 мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VIII Астана экономикалық форумы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен «P4D: кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панелдік сессия өтпек.

Сессия барысында шағын және орта кәсіпкерлікке арналған қаржылық бағдарламалар мен олардың нәтижелері, шағын және орта бизнес өкілдеріне ұзақмерзімді несиелер ұсыну мәселелері қаралады.

Сонымен қатар, шарада оқыту жобалары мен халықтың кәсіпкерлікке бет бұру үдерісі, жаңа жобалардың қауіп-қатері, іске асырылып жатқан жобалардың аясындағы ұзақмерзімді ынтымақтастыққа арналған мүмкіндіктер сынды өзекті мәселелер қарастырылмақ.

Шараға спикер ретінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры Қаншы Түлеушин, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және басқа да шетелдік мамандар қатысады.

Хабарламаларға жазылу