Байқауда ол испан, жапон және «Көбелек» биін билеген.
«Мен би билегенді жақсы көремін. Анам үнемі би үйірмесіне алып келеді. Испаниядағы байқауда көптеген достар таптым. Олар маған әртүрлі ойыншықтар берді», - дейді Жәния Ержан.
Испан биін ерекше орындауының арқасында жеңіске жеткен. 4-9 жас аралығындағы балалар қатысқан байқауда Жәния - ең кішкентайы болған.
«Испан биі - өте қиын. Эмоцияға толы темпераментті би. Жәния осы ерекшеліктерді сахнада жақсы көрсете білді. Нағыз испанға тән ерекшелікпен биледі», - хореограф Екатерина Гамидова.