«Таңшолпанның» тілшісі - Джакарта қаласындағы Истикляль мешітінде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанның» тілшісі - Джакарта қаласындағы Истикляль мешітінде (ВИДЕО)

21.05.2015
«Таңшолпанның» тілшісі - Джакарта қаласындағы Истикляль мешітінде (ВИДЕО)

«Таңшолпанның» тілшісі Әлімбек Келдібайдың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен Истикляль мешітінен жасаған репортажын назарларыңызға ұсынамыз.

Истикляль мешіті – Индонезиядағы Джакарта қаласында орналасқан. Араб тілінен аударғанда «istiqlal» - «тәуелсіздік» деген мағына білдіреді.

Тарихына келетін болсақ, мешіт салу туралы бастаманы Индонезияның дін жөніндегі министрі – Вахид Хасийм және кейінірек мешіт қорының өкілі болған Анвар Кокроамното көтерген.

Мешіттің құрылыс жұмыстары 1961 жылы басталып, 1978 жылы аяқталған. Сол жылдың 22 ақпанында ел басшысы Сухартоның қатысуымен мешіттің ашылу салтанаты өткен.

«Истикляль мешітінің бірінші қабатында мектеп пен мешіт қызметкерлеріне арналған 88 бөлме бар. Сондай-ақ, құлшылыққа арналған үлкен 5 зал жұмыс істейді», - дейді мешіт қызметкері Жаяди мырза.

Истикляль мешіті туралы толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу