Алматыда 24-28 мамыры аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Армиялық Орталық Спорт Клубы залында бокстан XIX Халықаралық турнирі өтеді. Жарыс Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған.
Сайысқа әлемнің жеті елінен: Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзиядан барлығы 126 былғары қолғап шебері қатысады.
ҚР Қорғаныс министрлігі «ЦСКА» спорт клубының ресми өкілі Тимур Жағыпаровтың айтуынша, жекпе-жектер барлық 10 салмақ категориясы бойынша өтеді.