Бүгін, сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың жастармен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру, өскелең ұрпақты партиоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды күшейту мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы жастар ұйымдарының жұмысына талдау жүргізіледі.
Шараға ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлар, облыстық Білім және жастар саясаты жөніндегі басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысады.