Тұтас бір отбасының тағдыры кейде бір жапырақ қағазға байланысты болған заманда құжатсыз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Алайда, құжатсыз жүрген жандар қаншама? Содан болар, мектепке бара алмай жүрген бала, жұмысқа тұра алмай жүрген ата-ана көп.
Бірі бала күнінен құжат алмай селқос қараған, енді бірі қажет деп таппаған, ал, кейбіріне құжат жасату үшін қаражат қолбайлау. Елімізде жеке куәліктен бұрын, белгілі бір жерден анықтамалық қағаз алудың жұмысы көп. Ал, пәтер, көлік, жер алудағы қат-қабат қағаздың шаруасы шаш-етектен.
Құжат машақаты неге көбейіп кетті? Құжат жұмыстарын оңтайландырудың жолдары қандай? Бүгін бұл мәселе 21:05-те «Айтуға оңайда» қозғалмақ.