Рахым Тәжібаевтың қанша күйі бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахым Тәжібаевтың қанша күйі бар?

28.05.2015
Рахым Тәжібаевтың қанша күйі бар?

«Күйге адалдық пен тазалық керек. Осы екеуі болмаса, тыңдаушының жүрегіне жетпейді», деген екен күйші Әбдімомын Желдібаев. Күйді түсіне біген адам – шет тілін меңгерген адамнан да артық.

Талай елді ерекше әуенге бөлеген күйші, домбырашының бірі – Рахым Тәжібаев. Күйшіні өнерге баулыған туыс ағасы Қазанбай еді. Соғыстан кейінгі уақыттарда ел арасында баян аспабы кең тарап, Рахымның әуестігі соған ауып, ауылдастары оны «баяншы бала» деп атап кеткен.

Рахым Тәжібаевтың алғашқы ұстазы – Қазақстанның Халық әртісі Рүстембек Омаров болатын. Домбыра бөліміне емтихан тапсырған 18 баланың ішінде жалғыз өзі оқуға қабылданады.
Кейін Абай атындағы педагогикалық институтында музыка пәнінің мұғалімі мамандығын сырттай оқып шығады. Осы оқу орнында шәкірт бола жүріп, жас күйші «Қазақконцерт» бірлестігімен қатар, сол кезде жаңадан құрылған «Гүлдер» ансамбліне қосылады.

Қашанда босаңсуды білмейтін Рахым Тәжібаев өте еңбекқор. Күй өнерін өзінше дамытып, жаңа белеске көтерген күйші домбыраны керемет жасайтын шебер.

Күйші туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
 

Хабарламаларға жазылу