Балаларды қорғау күніне орай Астанадағы «Алау» мұз сарайында балалар мен ата-аналар үшін еліміздегі ең үлкен роликодромы ашылады. Бұл күні келушілер ролик теуіп, бадминтон және үстел теннисін ойнай алады. Аренаға кіру - тегін болмақ.
Балалар мерекесі спорттық бағдарламамен басталады. Роликодромда жас конькишілер үстел теннисінен бақ сынасады. Сондай-ақ, жазғы хоккей лагерінің таныстырылымы өтеді.
Мерекелік шара барысында мәдени және ойын-сауық бағдарламалар да ұйымдастырылады.
astana.gov.kz