29-мамырда жарыстың қорытындысы белгілі болмақ. Йта кетейік, биылғы байқаудың тақырыбы «Суық климатқа арналған тұрғын квартал – Астана, Қазақстан». Байқаудың тапсырмасы «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясымен тығыз ынтымақтаса отырып дайындалған.
Байқауға қатысатын 50 команданың жұмыстарын құрамына сәулет саласындағы және энергия тиімділігі жоғары құрылыс саласындағы аты әлемге танылған сарапшылар, «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ өкілдері, жергілікті басқару органдары, сондай-ақ, Saint-Gobain компаниясының халықаралық қазылар алқасы бағалайтын болады. Үш үздік жобаға ақшалай сыйақы табысталмақ.
Биылғы халықаралық байқаудың финалына Қазақстан, Ұлыбритания, Беларусь, Бельгия, Болгария, Қырғызстан, Латвия, Хорватия, Чехия Республикасы, Финляндия, Франция, Эстония, Польша, Румыния, Ресей, Словакия, Словения, Испания, Түркия, Украина мемлекеттері қатысады.