Фильмде 1944 жылғы қиын-қыстау кезең баяндалады. Жеңіс туын көтеретін уақыт та алыс емес. Фашистер кейін шегінді.
Соңында қираған қала мен отқа оранған дала қалды. Халықтың жағдайы тым нашар. Қысқа мерзім аралығында бостандық алған облыстардың шаруашылық әл-ауқатын қалпына келтіру қажет.
Мұндай жағдайда не істемек керек? Режиссер Амангелді Тәжібаевтың «Соғыстың соңғы жылы еді» драмасында басты кейіпкерлерді Амангелді Тәжібаев, Мейірман Нұрекеев, Жамбыл Құдайбергенов сомдайды.
Қасіретті жылдардың бейнесін берген фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 01:10-та көре аласыздар.