Несеп жолдары аурулары неден пайда болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несеп жолдары аурулары неден пайда болады?

30.05.2015
Несеп жолдары аурулары неден пайда болады?

Цистит – қуықтың қабынуы. Циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе, әйелдер жиі ауырады.

Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді.

Аурудың алдын алу үшін режим және диета сақтау маңызды. Жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.

Несеп жолдары ауруларының алдын алу шаралары туралы бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу