Жемқорлық тақырыбына арналған фотоконкурс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлық тақырыбына арналған фотоконкурс жарияланды

30.05.2015
Жемқорлық тақырыбына арналған фотоконкурс жарияланды

Transparency International, Thomson Reuters қоры және 16-шы Халықаралық  жемқорлыққа қарсы  конференциясының қолдауымен «Ұрыны ұста!» (Capturing Corruption) фотоконкурсы жарияланды. Сайысқа жемқорлық туралы жағымсыз әсер беретін суреттер қабылданады, деп жазады ijnet.org.

Байқау қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 18-30 жас аралығындағы және 31 жастан жоғары  фотографтар арасында өтеді.

Жеңімпаздар Thomson Reuter қоры ұйымдастыратын фотожурналистика бойынша  семинарға және 2-4 қыркүйек аралығында Малайзияда өтетін Халықаралық  жемқорлыққа қарсы  конференциясына қатысуға жолдама алады. Ал, 2 және 3 орындарды иеленген жеңімпаздарға ақшалай сыйлық беріледі.

Айта кетейік, өтініштерді  12 маусымға дейін жіберу керек. 

 

ФОТО: www.vestipmr.info

Хабарламаларға жазылу