1 маусымнан бастап Астанада «Балдырғандар мектебі» өз жұмысын бастайды, деп жазады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, мұндай мектептер балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталып, қаланың барлық мектебінде ұйымдастырылады. Мұндай сабақтар балалардың мектепке бейімделуіне көмектеседі.
«Балдырғандар мектебі» дүйсенбі-жұмаға аралығында жұмыс істейді. Сабақтың ұзақтығы 25-30 минут.
Топтағы балалар саны 15-20. Сабақтар 10 күнге жалғасады.
«Балдырғандар мектебінде» бастауыш сынып мұғалімдерінен басқа психолог және логопед қызмет атқарады. Олар психологиялық және логопедтік диагоностика арқылы әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтайды.
Диагностика нәтижелері бойынша ата-аналар мен мұғалімдер үшін жеке ұсыныстар жасалады.