Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында 24-ші «Жас қанат» республикалық конкурсының финалы өтті.
Жас орындаушылар додасында Көкшетау қаласының атынан қатысқан Ринат Теміржан жеңіске жетті. Ол сондай-ақ, бас жүлдемен қоса елорда әкімінің ақшалай сыйлығына да ие болды.
Екінші және үшінші орынды қарағандылық Лаура Айтбаева мен астаналық Сұлтан Ахмет жеңіп алды.
Биыл 15 қатысушының финалға тек алтауы ғана жеткен. Атап айтқанда, астаналық Еркебұлан Тұрмахамбетов пен Сұлтан Ахмет, қарағандылық Лаура Айтбаева, Екібастұз қаласының атынан қатысушы Айбар Ашкеев; Степногор қаласының өнерпазы Владимир Новиков, сондай-ақ, көкшетаулық әрі осы конкурстың жеңімпазы болған Ринат Теміржан.
Айта кетейік, конкурстың ұйымдастырушылары - «Хабар» агенттігі, Астана қаласының әкімдігі және «Азия дауысы» дирекциясы.