Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында «Сарыбұлақ арнасы бойындағы Тілендиев даңғылының оң жағына қарай орналасқан тұрғын үй кешендері» көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі 134 пәтерді сату бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны - 120 мың теңге. Сату үшін 134 пәтер қарастырылған.