Қазақстанның әскери ұшқыштары тұңғыш рет «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның әскери ұшқыштары тұңғыш рет «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысына қатысады

06.06.2015
Қазақстанның әскери ұшқыштары тұңғыш рет «Авиадартс-2015» ұшу экипаждарының халықаралық сайысына қатысады

«Авиадартс-2015» байқауына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен МиГ-29 жойғыштары экипаждарының, Су-25 шабуылдаушылары мен Ми-8МТ көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың жұбы қатысатын болады.

Бүгінгі таңда маусымның 4-інен шілденің 18-іне дейін «Қызылағаш» және «Қазақстан» авиациялық полигондарында Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары арасында іріктеу өтеді. Үздік ұшқыштар халықаралық сайысқа қатысады.

Байқауға біліктілік разряды 3-сыныптан төмен емес және жасы 35-ке дейінгі ұшқыштан бастап экипаж командиріне дейінгі лауазымдардағы ұшқыштар ғана қатыса алады. Әр команда өздерінің әуе кемелерінде ұшады, екі негізгі (жұп) және бір резервтік жұп.

Сайысты өткізу бағдарламасы екі кезеңді қамтиды. Ол дене және ұшу даярлығын тексеру. Ұшу даярлығы шағын биіктіктерде қарапайым және күрделі пилотажға ұшу тапсырмаларын, әуе навигациясын, маневрлік нысанасы бар әуедегі ұрысты, басқарылатын және басқарылмайтын зымырандармен әуе және жерүсті нысаналар бойынша жауынгерлік қолдануды және жұп құрамында авиациялық зеңбіректерден оқ атуды қамтиды.

Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасауды Ресей Федерациясы ӘӘК бас қолбасшылығы жүзеге асырады.

Байқау 2015 жылғы шілденің 26-ы мен тамыздың 16-ы аралығында Ресей Федерациясы (Липецк қ.) Қорғаныс министрлігінің авиациялық персоналы мен әскери сынамаларды дайындау 4-ші мемлекеттік орталық пен «Погоново» және «Дубровичи» авиациялық полигондарында ұшу құрамын жауынгерлік даярлау және қайта оқыту 43-ші орталығында (Рязань қ.) өткізіледі. 

Хабарламаларға жазылу