«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған Оразалы Досбосыновты еске алу кешіне арналған байқаудың жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған Оразалы Досбосыновты еске алу кешіне арналған байқаудың жеңімпаздары анықталды

07.06.2015
«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған Оразалы Досбосыновты еске алу кешіне арналған байқаудың жеңімпаздары анықталды

Кешке Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Болатбек Оразбаев, Ардақ Балажанова, Бауыржан Исаев, Толғанай Базылхан, Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали және «Бәйтерек», «Аламан» тобы қатысады.

Осы іс-шара аясында «Таңшолпан» бағдарламасы Оразалы Досбосыновты еске алу кешіне орай көрермендер арасында байқау ұйымдастырған еді.

Байқау қорытындысы бойынша, tankaz.kz сайтында жарияланған сұрақтарға дұрыс жауап берген көрермендердің ішінен Айдана Тлепберген, Айгүл Айтбаева және Назгүл Бимағанбетова жеңіске жетті.

Жеңімпаздарға «Құлмамбеттің құлыны» атты еске алу кешінің билеттері табысталады.

Ескерту: Жеңімпаздар міндетті түрде төлқұжатын ала келуі тиіс. Байланыс телефоны: 8 (717) 255-33-39

Хабарламаларға жазылу