«Қазақстанда «Барыс» атты клубтың барын білемін. Мен де есейген соң солар сияқты Қазақстанның намысын қорғауым мүмкін...». Бұл – мұхит арғы жағында туған топырағынан жырақта тәрбиеленіп жатқан Асланның сөзі.
Ал, Батырханды асырап алған ата-анасы: «Ұлымыз күндердің күнінде бөбектер үйіне қалай тап болғанын сұрайтыны анық. Оған мұның бәрін түсіндіруге дайын болуымыз керек»,-деп арнайы альбом жасап қойған.
Мұхит асқан қазақтың қара көздері Аслан мен Батырханның тағдыры туралы толығырақ бүгін 10:50-де «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан біле аласыздар.