«Жүйрік болсаң, озып көр» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүйрік болсаң, озып көр»

07.06.2015
«Жүйрік болсаң, озып көр»

«Жүйрік болсаң, озып көр» фильмінде алыстағы таулы ауылдың оқушыларының спорт жарысына дайындықтары суреттеледі.

Қазақ балалар киносының атасы саналатын Абдолла Қарсақбаевтың «Жүйрік болсаң, озып көр» фильмі көпшіліктің, әсіресе балалардың сүйікті туындысы.

Жастарды бірлік пен ынтымаққа шақыру, жеңіске, спортқа баулуға шақыратын туындыда басты рөлдерді  Қанабек Байсейітов, Шынар Берсүгірова, Мәкілқожа Құланбаев сомдайды.  

Балаларға арналған фильмді бүгін 12:20-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу