Қазақстанда Қызылорда-Анталия чартерлі рейсі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Қызылорда-Анталия чартерлі рейсі ашылды

09.06.2015
Қазақстанда Қызылорда-Анталия чартерлі рейсі ашылды

Жаңа бағыт қызылордалықтарға Түркия курорты Анталияға саяхат сапарын сатып алуда қаржы үнемдеуіне мүмкіндік береді. 10 күндік демалыстың құны бір адамға 669 доллар тұрады.

Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» әуежайы 2014 жылы «Airport Management Group» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген. Сол жылдың қазан айында «Қорқыт Ата» халықаралық рейстерді жүзеге асыру құқығын иеленді.

Әуежайдың халықаралық мәртебесі өңірдің тұрғындары мен әлеуетті инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, осы жылы «Қызылорда-Мәскеу» рейсі ашылдған еді. Ал, Астана, Алматы, Қарағанды және Қазақстанның өзге де қалаларына 27-ден аса рейс қатынайды. Аэропорт кешенінің өткізу қабілеттілігі сағатына 150 жолаушы.

Алғашқы тікелей туристік рейстің ашылуына сұраныс «Airport Management Group» мамандарымен зерттелді. Осылайша статистика, қала мен облыс тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама бойынша Анталья мен Түркияның басқа да қалаларына жазғы чартерлі рейс ашу шешімі қабылданған.

Анталияға халықаралық чартерлі рейс «Sunday Airlines» әуекомпаниясының бортында «Kazunion» туроператорымен жүзеге асырылмақ.

Хабарламаларға жазылу