Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің бесінші финалдық додасының өтетін күні Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралардың тығыздығына байланысты басқа күнге ауыстырылды.
Осылайша, алтын «Тайтұяқ» пен чемпиондық белбеу иегерін, сондай-ақ, жылдың үздік жеңімпаз балуанын анықтайтын «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысы Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде 4 шілде күні. Басталуы сағат 12:00-де.
Еліміздегі ең ірі дода «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысына кіру билеттері келесі аптадан бастап сатылымға түспек.
Жобаны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі, «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы, ҚР қазақ күресі федерациясы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.