Қазақстан Ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Түркиямен өткізетін матч алдында БАҚ өкілдеріне арналған ашық жаттығуын өткізді.
«Команда жауапты ойынға дайындық жүргізуде. Барлығы оң нәтижені күтеді. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Жасыл алаңға шыққан әр ойыншы бар күшін жұмсайды деп сенемін. Әр команданың осал тұстары бар. Түркия құрамасының да осал тұстары бар. Түркия құрамасы ойынның фавориті саналады, алайда олар бізден жеңіл ойын күтпесін» - дейді Ұлттық құрама бас бапкері Юрий Красножан.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Түркия құрамаларының арасындағы ойынды сағат 21:40-та «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.