Қазақ режиссерлерінің ішінде деректі фильм түсіруді қолға алып, үнемі мұрағат ақтарып, кино-документалист ретінде қалыптасқан кинорежиссерлердің бірі – Қалила Омар.
Оның туындыларының көпшілігі тарихтағы Алаш ақтаңдақтарына арналған. «Мағжан», «Алаш туралы сөз», «Алашорда» деректі фильмдерінде Қалила Омар қазақ зиялыларының бейнесін кеңінен ашып көрсетеді.
Кинорежиссер Балтабай Көшербайұлы: «Қалиланың фильмдерінен қазақтың иісі аңқып тұрады. Мен оның қазақтың фольклорын, әр сөзінің астарын ашуға тырысатынына өте қатты мән беремін»,-дейді.
Бүгін «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омардың отбасымен сұхбат құрады.