«Екі ғашық» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Екі ғашық» концертін көріңіз

13.06.2015
«Екі ғашық» концертін көріңіз

«Болсашы, кездесетін бір күні той

Сағыныш жүрегімді үңгіді ғой,

Естісем бұлақ үнін елең етем,

Деп ойлап сырғаңның ол сыңғыры ғой...».

Риясыз махаббаттары аңызға айналған жандардың ғашықтық әндері талай замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Жүрек түкпіріндегі ерекше сезімді әсем әуенмен жеткізген ғашықтар әні тыңдарманын табары сөзсіз.

Қазақстан эстрадасының Майра Ільясова, Гүлзира Бөкейхан, Ғани Құлжанов, Айгүл Қосанова, Нұрғали Тұрлыбеков, Клара Төленбаева, Құрмаш, Дос, Майра Нүркенова, Нұрбол Балапанов сынды жарық жұлдыздары мен «Сымбат пен Асқар» дуэті,  «Аламан», «Сарыарқа» және «Дабыл» топтары қатысқан ерекше концертті бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:15-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу