Шымкентте туристік екі қабатты автобустар пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте туристік екі қабатты автобустар пайда болды

13.06.2015
Шымкентте туристік екі қабатты автобустар пайда болды

Ашық аспан астында серуендегенді қалайтындар үшін билет құны — 500 теңге, ал балалар үшін 400 теңге. Ұлыбританиядан әкелінген 40 орындық қоғамдық көлік енді арнайы белгіленген кесте бойынша жұмыс істейді.

Шараны ұйымдастыруды қала әкімдігі, ОҚО кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық және туризм басқармасы мен «Жібек жолы» туристік компаниясы өз мойнына алған.

Туристік автобус балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып, ішкі туризмді дамытуға, насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шаһардағы демалыс орындары мен саябақтар, аллеялар мен әкімшілік-іскерлік орталықтарын тамашалау арқылы қаламыз туралы тереңірек білуге болады.

Автобуста арнайы гидтер қызмет көрсетеді. Жақын күндері аудиогид іске қосылмақ. Сонымен қатар алдағы уақытта Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

 

Фото: otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу