Нариман Үлкенбаев – қазақтың маңдайына біткен арда ұлдарының бірі, талантты дарын иесі, күйші. Ақын Кәкімбек Салықов: «Асық атса жаңылмайтын алшысы, Атыраудың Нариман сазгер, әншісі. Айтулы ұстаз, жақсы азамат, Мен үшін «Жезкиіктің» ол тамаша жаршысы», – деген екен.
Өнер иесінің көзін көрген замандастары: «Нариман күйші қазақ сөзіне қайтып бірдей сүйінсе, қазақ күйіне де сөйтіп бірдей тебіренетін. Бәрінің де бабын келтіріп, бақайшағын шағып, балын тамызып орындайтын», – деп еске алады.
Сегіз қырлы, бір сырлы болған азаматтың ұлағатты ұстаздығының көрінісін бүгінгі талантты шәкірттеріне, шебер күйші қызы Айгүл Үлкенбаеваның өнердегі кең өрісіне қарап бағалауға болады.
Қазақ сазын насихаттап, ән дегенде ішкен асын жерге қойған өнерпаздың жарқын бейнесі ел жадында. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те көріңіз.