Биыл Шымкентте «Жасыл ел» бағдарламасы 1 айға кешігіп басталды, деп жазады otyrar.kz. Сондықтан жұмысшылар ағаш отырғызып, көшет дайындамайды. Бүгінге дейін егілген өскіндерді суарып, басқа да жұмыстарды істейді.
Сондай-ақ, биыл «Жасыл ел жасағына» қатысушылардың саны 254-ке артқан. Яғни, мыңға жуық студент өңірді абаттандыру жұмысын атқарады.
Олар Арыс, Ордабасы, Мақтаарал, Кентау, Шардара сынды аудандарға аттанған. «Жасыл ел» бағдарламасы қазан айына дейін жалғасады.
Еске салайық, ел аумағында «Жасыл ел» жобасы осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған. Сол уақыттан бері бағдарлама жазғы уақытта жастардың демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз етеді.
ФОТО: astana.gov.kz