«Қазақстанда соңғы 5 жылда балаларды асырап алудың есебінен 22 балалар үйі қысқарған», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Зәбира Оразалиева әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға арналған дөңгелек үстел отырысында.
Оның сөзінше, балаларды асырап алуға немесе қамқорлығына алу шараларының нәтижесінде 10 мыңнан астам бала отбасылы болған.
«Бұл ретте отбасына тәрбиелеуге берілген мекемелерде тәрбиеленушілердің үлесі 14 пайыздан 21 пайызға дейін артқандығын айту керек. Балалар үйлерінің 10 мың 620 оқушысы асырап алу мен қамқорлыққа берудің және патронатты тәрбиеге беру мен өз отбасына оралуының есебінен отбасылы болды. Балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің жалпы саны 4 мың 860-қа қысқарды»,-деді комитет төрайымы.