Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» өкімге қол қойған.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылғы 17 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», делінген өкім мәтінінде.